Жүгіру жолы
AA+
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Жүгіру жолы
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
AA+

+7 (777) 777-77-77


Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aids7su.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20

Вход в аккаунт Kz

АИТВ туралы мәлімет көп болғанымен, мифтер әлі де адамдарды шатастырады. Сондықтан ең жиі кездесетін қателіктерді фактілермен салыстырып көрейік.
Миф 1: АИТВ күнделікті тұрмыста жұғады
Факт: Жоқ. АИТВ құшақтасудан, сүйісуден, тамақтан, бассейннен, ауа арқылы немесе масалар арқылы жұқпайды.

Миф 2: АИТВ жұқтырған адам міндетті түрде аурушаң және әлсіз болады
Факт: Дұрыс терапияда жүрген адамдар толыққанды, белсенді өмір сүреді, жұмыс істейді, спортпен шұғылданады және өзгелерден еш айырмашылығы жоқ.

Миф 3: Терапия өте ауыр, күніне ондаған таблетка ішу керек
Факт: Қазір көпшілікке күніне бір таблетка жеткілікті. Жанама әсерлер минималды, қауіпсіздігі дәлелденген.

Миф 4: Антиретровирустық терапия уақытша әсер береді
Факт: Тұрақты түрде қабылданған терапия вирус жүктемесін анықталмайтын деңгейге түсіреді. Бұл — адам АИТВ-ны жұқтырмайды деген сөз.

Миф 5: АИТВ — өмірдің соңы
Факт: АИТВ — созылмалы, басқаруға болатын жағдай. Терапия қабылдайтын адамдардың күтілетін өмір ұзақтығы сау адамдармен бірдей.