«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-мен бірлескен «Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ «АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталығы» ШЖҚ МКК-де ана мен бала арасында АИТВ инфекциясы бойынша соңғы 2024-2025жж балалар арасында вертикальді трансмиссивті жолмен (анадан балаға) тіркеліп жатқанына байланысты, 2025 жылдың 1 тоқсанның қорытындысына орай аудандық, қалалық медициналық ұйымдардың емдеу ісі жөніндегі орынбасары, АИТВ инфекциясы бойынша жауапты маман, гинеколог, педиатр дәрігерлердің қатысуымен кезекті медициналық кеңес өтті. Медициналық кеңестің спикерлері «Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы: Анар Кабылбаева және Жетісу облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары:директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Айман Калиева және эпидемиологиялық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Айжан Карипханова. Медициналық кеңесті Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы Анар Кабылбаева бастап берді, Медициналық кеңестің бағдарламасымен таныстырып, балалар арасында вертикальді трансмиссивті жолмен (анадан балаға) тіркеліп жатқанын 3 жағдайды айтып өтті. Айжан Карипханова 2024-2025ж 1 тоқсанының эпидемиологиялық жағдайы туралы өзекті ақпарат беріп, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарда АИТВ инфекциясына тексерілу мақсатты топтарымен таныстырып, қайталап шықты. Айман Калиева 23.10.2020ж № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына сәйкес созылмалы аурулары пациенттерді динамикалық бақылауға алуды, жүктілігі бар әйелдерді және олардың серіктестерін АИТВ инфекциясына тексеруді және олардың жанасуға дейінгі қабылдауына ерекше назар аударды. Сондай-ақ жүкті әйелдер екі рет – жүктілік бойынша есепке қою кезінде және 28-30 апта мерзімінде, аборт, өздігінен түсік тастау немесе қатып қалған жүктілік жағдайында жүктілікті тоқтатар алдында, АИТВ инфекциясына екі рет зерттеп-қарау нәтижесіз босандыру ұйымдарына түскен уақыттаэпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша АИТВ инфекциясының болуына зерттеп-қарау жүргізу қажет, бұл вирустың ерте анықталуы мен таралуының алдын алудағы негізгі қадам болып табылады және жаңа туған нәрестелер үшін тәуекелді төмендетуі мүмкін. Медициналық кеңестің соңында қатысушыларға халықтың денсаулығын сақтау бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығы туралы айтылды, сондай-ақ медициналық мекемелерде АИТВ-инфекциясына медициналық қызметкерлердің инфекциялық бақылаудың сапасын арттыру бойынша ұсыныстар берілді.