2025 жылғы 25 ақпанда «Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ «АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталығы» ШЖҚ МКК-де өткен жылғы бірлескен жұмыс қорытындысы бойынша Жетісу облысы бойынша ҚАЖД өкілдерімен және ШЖҚ «№1 қалалық емхана» МКК-мен бірлескен жұмыс кеңесі өтті. Жиында ҚАЖД мекемелерінде арнайы контингент арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша өзекті мәселелер талқыланды. АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігерлері инфекцияны жұқтырудың жаңа жағдайларын болдырмау мақсатында өткен жылғы бірлескен профилактикалық жұмыстың нәтижелері туралы және профилактикалық жұмыстарды жақсарту жөніндегі ағымдағы жылдың жоспарлары туралы баяндама жасады. Сондай-ақ орталықтың басшысының орынбасары Айман Қалиева бас бостандығынан айырылғандардың АИТВ-инфекциясына тексерудің маңыздылығын атап өтті. АИТВ-инфекциясының мекемеішілік жағдайы тіркелмегеніне қарамастан, бас бостандығынан айырылғандардың денсаулығын қорғау және АИТВ-мен өмір сүретін адамдар бойынша санитарлық ағарту жұмыстары күшейтілетін болады. Қорытындылай келе, кейбір қиындықтарға қарамастан, бас бостандығынан айыру орындарында алдын алу шараларын кеңінен жүргізу және АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау үшін барлық мүмкіндіктер жасалынған.