Шығарылған күні: 2025 жылғы 16 мамыр
Ұйым: «Облыстың денсаулық сақтау басқармасы» ММ «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ МКК.
Орны: Талдықорған қаласы, Ардагерлер саябағы.
Уақыты: 14:00
Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған акцияны ШЖҚ «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» МКК ұйымдастыруда, сонымен қатар іс-шараға еріктілер, жастар ұйымдары және «ҚОС ҚАНАТ ЖЕТІСУ» ЖШС ҮЕҰ-ның серіктестері қатысады.
Мамырдың үшінші жексенбісінде бүкіл әлемде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні атап өтіледі. 2025 жылы еске алу күні 18 мамырға келеді. Бұл күн СПИД-тен қайтыс болған миллиондаған адамдардың өмірін құрметтеу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар АИТВ инфекциясымен күресудің маңыздылығын, АИТВ-мен өмір сүріп жатқан адамдарға қолдау көрсетудің және стигманы жоюдың маңыздылығын еске түсіретін күн.
2025 жылдың 4 айында Жетісу облысы бойынша инфекцияның 30 жаңа жағдайы тіркелді. Эпидемиологиялық тұрғыдан АИТВ-инфекциясы жағдайларының өсуі байқалмайды. Емдеу мен алдын-алуда бірнеше айтарлықтай жетістіктерге жеткеніне қарамастан, АИТВ инфекциясы өзекті мәселе болып қала береді.
Бүгінгі таңда АИТВ инфекциясының берілуінің негізгі жолын - жыныстық қатынас арқылы (80%) құрайды. Эпидемиологиялық мониторинг бөлімінің меңгерушісі А. Карипханованың айтуынша, адамдар қауіпті өмір салтын ұстанады және қорғаныс құралдарын пайдаланбайды. Сонымен қатар, адамдар АИТВ инфекциясының жұғу жолдары туралы мәліметті әлі де аз біледі.
«Бұл күн бізге қаншама сандардың артында адам өмірі, тағдыры, отбасылары тұрғанын еске салады. Біз естелікті сақтап, оны ЖИТС-сыз болашақ үшін әрекет етуге ынталандыру ретінде пайдалануымыз керек», – дейді орталық директоры Уранкаева Гаухария Қызырхановна.
Іс-шараға медицина қызметкерлері, еріктілер, ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ АИТВ мәселесіне бейжай қарамайтын қала тұрғындары қатысады. Ұйымдастырушылар барлық адамдарды акцияға қатысуға және сенімді ақпаратты таратуға және стигманы азайтуға өз үлесін қосуға шақырады. Акция барысында: еріктілер үшін АИТВ инфекциясына тегін және құпия эспресс-тест тапсыруға, кеңес алуға және брошюралар мен парақшалар сияқты үлестірме материалдар алуға мүмкіндік бар. Бұл халықтың АИТВ-инфекциясы және оның алдын алу жолдары туралы хабардарлығын арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ өз мәртебесін білуге мүмкіндік береді. Біз барлығын бей-жай қарамауға, іс-шараларға қатысуға және мына бір маңызды шындықты есте сақтауға шақырамыз: әр адам АИТВ инфекциясының алдын алуға өз үлесін қоса алады.
Қосымша ақпарат:
Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Медеу көшесі 3.
Жұмыс режимі:
Дүйсенбі - Жұма, 8: 30 – 17:00
Телефондар:
8 (7282) 41-11-71 – қабылдау бөлмесі
8 (7282) 41-01-29 – емдеу-профилактикалық жұмысжәне диспансерлеу бөлімі
8 (7282) 41-60-85 – эпидемиологиялық мониторинг бөлімі
E-mail: aids_jetisu@mail.ru
Instagram: aids_zhetisu
TikTok: aids_zhetisu
Facebook: Вич Спид Профилактика