Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» МКК өткізген конкурс нәтижесінде АИТВ мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету мен профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындаушысы анықталды.
Аталған әлеуметтік тапсырыстың орындаушысы ретінде халықтың негізгі осал топтарымен жұмыс істеу тәжірибесі бар ЖШС «Кос Канат Жетісу» қоғамдық қоры ұтып алды. Жоба аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, психоәлеуметтік кеңес беру, клиенттерді сүйемелдеу, сондай-ақ АИТВ мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайтуға бағытталған іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Жобаның мақсаты – АИТВ мен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимылды нығайту.
Әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталықтың базасында АИТВ жұқтырған адамдармен жұмыс істейтін аутрич-қызметкерлерге арналған оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында орталық директордың орынбасары А. Калиева 2025 жылға арналған басым бағыттар туралы ақпаратпен бөлісіп, ағымдағы кезеңде іске асырылатын жобаның негізгі міндеттері мен басымдықтарын атап өтті.