2024 жылғы 15 наурызда Жетісу облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының ұйымдастыруымен Облыстық, аудандық білім басқармасынан мектептер және коллеждерге жауапты тұлғалар, Жастар денсаулық орталығы мамандары және Амелия, Қос Қанат Жетісу, Талдықорған аймақтық еңбекке орналастыруға жәрдем көрсету қоры Үкіметтік емес ұйымдарының қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты: жастар арасында АИТВ жұқпасының таралуының алдын алу,жастарды салауатты өмір салтына шақыру бойынша қарым-қатынасты нығайту және алдағы бірлескен іс –шараларды жоспарлау болып табылады.
Кеңес барысында қатысушылар арасында 2023 жылғы бірлескен жұмыс қорытындысы және 2024 жылы атқарылатын жұмыстарға ұсыныстар қарастырылып, талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша нәтижелі өзара әрекеттестігі байқалды, сондай ақ, АИТВ таралуының алдын алуы бойынша ынтымақтастықты одан әрі күшейту туралы шешім қабылданды.