1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен Талдықорған қаласының «Авиценна» медициналық колледжі мен «Талдықорған жоғары медицина колледжі» студенттерінің арасында 3 кезеңнен тұратын танымдық сайыс өтті.
1-кезең: Плакат дайындап, оны қорғау
2-кезең: Қатысушылардың өнер көрсетуі
3-кезең: Ситуациялық тапсырмаларды шешіп, АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтар мен оларды шешу жолдарын өз ойларымен жеткізу
Сайыс барысында студенттер өздерінің өнерін, білімін және қабілеттерін жан-жақты көрсете білді.
Іс-шара соңында екі жаққа алғыс хаттар табысталып, қатысушыларға АИТВ орталығының атынан сыйлықтар таратылды. Сонымен қатар осындай маңызды акцияны ұйымдастырғаны үшін Авиценна колледжінің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісіне ерекше алғыс білдірілді.
Өткізілген орны: Авиценна медициналық колледжі.

































