Жүгіру жолы
AA+
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Жүгіру жолы
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
AA+

+7 (777) 777-77-77


Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aids7su.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20

Вход в аккаунт Kz


Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» МКК өткізген конкурс нәтижесінде халықтың негізгі топтары арасында (ИЕТ, СҚ, ЕЖЕ) қолдау көрсету мен профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындаушысы анықталды.
Аталған әлеуметтік тапсырыстың орындаушысы ретінде халықтың негізгі топтармен жұмыс істеу тәжірибесі бар «Талдықорған аймақтық еңбекке орналастыруға жәрдем көрсету қоры» қоғамдық қоры ұтып алды. Кездесу барысында сектораралық өзара іс-қимылды нығайту, алдын алу қызметтерінің қолжетімділігін арттыру, клиенттерді анықтау, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі жұмыстың тиімділігін арттыру жолдары талқыланды.
Шара аясында негізгі топтармен жұмыс жүргізетін аутрич-қызметкерлерге АИТВ-ға жедел тестілеу жүргізудің практикалық мәселелері бойынша оқыту ұйымдастырылды. Оқыту барысында тестілеу кезеңдері, консультативтік қолдау көрсету тәртібі, оң нәтиже көрсеткен тұлғаларды әрі қарай жолдау, сондай-ақ негізгі топтармен жұмыс істеудегі этика мен құпиялылық мәселелері қарастырылды.  
Оқытудың мақсаты — аутрич-қызметкерлердің білімін арттыру және АИТВ инфекциясының алдын алу қызметтерімен халықтың негізгі топтарының неғұрлым кең және тиімді қамтуды қамтамасыз ету.