«Жастар Рухы» орталығында Жетісу университетінің студенттері арасында АИТВ/ЖИТС бойынша оқыту семинары өткізілді. Іс-шара барысында студенттерге АИТВ инфекциясының алдын алу, оның белгілері мен қауіпсіздік шаралары жөнінде кең көлемді мағлұмат беріліп, ақпараттық тарату материалдары мен арнайы дайындалған брошюралар таратылды.

