Талдықорған медициналық колледжі «Авиценна» базасында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «Өмір маңызды: әрекет ету уақыты» байқау өтті. Іс-шара «Қиындықтардан – өзгерістерге: АИТВ-ға жауап ретінде» ұранымен өткізілді.
Іс-шараны «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Облыстық АИТВ алдын алу орталығы» МКК ұйымдастырды. Байқау Талдықорған медициналық колледжі «Авиценна» мен Талдықорған жоғары медициналық колледжінің студенттері қатысты.
Байқау «Қиындықтардан – АИТВ-ға қарсы әрекетте өзгерістерге» ұранымен өтіп, үш кезеңнен тұрды: Плакаттарды дайындау және қорғау – АИТВ/ЖИТС тақырыбына арналған авторлық шығармашылық жұмыстарды таныстыру, шығармашылық қойылымдар — студенттер АИТВ мәселесіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған көркем және сахналық нөмірлер ұсынды, ситуациялық тапсырмаларды орындау – білімді, талдау дағдыларын және АИТВ алдын алу мәселелерін шешуге бағытталған ұсыныстарды көрсету.
Студенттер жоғары дайындық деңгейін, білімділігін және шығармашылық қабілетін танытып, азаматтық белсенділігін және АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелеріне қызығушылығын көрсетті.
Қазылар алқасы қатысушылардың жоғары деңгейдегі дайындығын, тақырыпты терең түсінуін, шығармашылық көзқарасын және ұсынылған материалдардың сапасын жоғары бағалады. Байқау қорытындысы бойынша екі команда алғыс хаттармен марапатталды, ал барлық қатысушыларға «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Облыстық АИТВ алдын алу орталығы» МКК тарапынан естелік сыйлықтар табысталды.
Акция профилактикалық жұмысты дамыту жолындағы маңызды қадам болды. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шараларды жыл сайын өткізіп, жастарды АИТВ инфекциясы туралы өзекті ақпаратпен қамту ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.

.jpeg)
.jpeg)


