АИТВ алдын алу орталығының қоғаммен байланыс және алдын алу бөлімінің эпидемиологы Саутбеков Ж.С., және Талдықорған қаласы №2 емханасының СӨС мамандарымен бірігіп, Талдықорған қаласы Жетісу құрылыс-техникалық колледжінде АИТВ тақырыбында семинар өткізілді. Шара барысында колледж студенттеріне АИТВ-ның алдын алу шаралары, жұғу жолдары және емі туралы өзекті ақпарат берілді. Тындаушыларға стигма және дискриминация жайлы түсіндірілді. АИТВ-ның алдын алу шаралары, жұғу жолдары және емі туралы видеоролик көрсетілді. Семинарға 200 адам қатысты және әр қатысушыға АИТВ жұқпасы туралы буклеттер таратылды.

