Жүгіру жолы
AA+
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Жүгіру жолы
«Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
AA+

+7 (777) 777-77-77


Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/aids7su.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20

Вход в аккаунт Kz

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні. 

2023 жылдың 20-шы қарашасы мен 1-ші желтоқсаны аралығы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанын өткізу онкүндігі болып жарияланды. Биылғы ұран: «Көшбасшылық қауымдастық!».
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанының басты мақсаты қоғамның назарын осы мәселеге, АИТВ-ны жұқтырған адамдарды әлеуметтік қорғауға аудару, сонымен қатар, халықтың, оның ішінде халықтың негізгі топтарын, жастардың арасында АИТВ жұқпасы бойынша кең ауқымды іс шаралар өткізу арқылы ақпараттандыру деңгейін барынша көтеру болып табылады.
Осы онкүндікке орай «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» МКК алдын алу бөлімінің мамандары облыстағы Өкіметтік емес ұйымдар (ӨЕҰ), Жастар денсаулық сақтау орталықтары, Жетісу облыстық жастарға қызмет көрсету орталықтары және Салауатты өмір салты мамандарымен бірігіп төмендегідей іс-шараларды жоспарлап отыр: 
• Талдықорған қалалық емханасында жастар мен қаралушылар арасында ашық есік күні; 
•«Амелия» ӨЕҰ-да халықтың негізгі топтары үшін ашық есік күні (АИТВ-ға экспресс әдісімен тестілеу, шприц, мүшеқаптар тарату);
• ӨЕҰ «Талдықорған аймақтық еңбекке орналастыруға жәрдем көрсету қоры» ҚҚ және Жастарға қызмет көрсету орталығының мамандарымен бірігіп Талдықорған қаласында жастар арасында тоғызқұмалақ ойынынан спорттық сайыс өткізу;
• ӨЕҰ «Қос қанат Жетісу» мамандарымен бірігіп Жетісу университетінің жатақхана студенттері арасында науқан өткізу;
•Жастарға қызмет көрсету орталығының психолог мамандарымен бірігіп, Достық кабинетінің тері-венеролог дәрігерінің қатысуымен «Атамекен» сауда ойын-сауық орталығында халықты психо-әлеуметтік кеңес жүргізу арқылы экспресс тестілеуден өткізу;
• Талдықорған жоғары медициналық колледжі мен Авиценна медициналық колледжінің студенттері арасында дебат.
Бұл күні әлемнің барлық өңірлерінде ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Бұл күн – АИТВ жұқпасынан қалай қорғану, жанұяңды, балаларыңды қалай қорғауды ескерту. Ол үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау, өз өміріне жауапкершілікпен қарап уақытында АИТВ жұқпасына тексерілу қажет.
Бұл күн – диагноздан қорқып тексерілуді кейінге ысыру- мәнді ұзақ бақытты өмір сүру мүмкіндігін азайтатындығын ескерту.
Бұл күн – егер сізде АИТВ жұқпасы анықталса ЖИТС орталығының дәрігерлеріне қаралу, олар әрқашан сіздің өміріңіздің сапасын жақсартуға, сіздің қызметіңіз бен жанұядағы жоспарларыңыздың өз ағымымен жүруіне, АИТВ жұқтырған анаға дені сау бала сүюіне көмектесетіні туралы ескерту.
 Қорытындылай келе, бұл тек медицина қызметкерлерінің мәселесі емес, барлық өз денсаулығын және болашағын бағалайтын саналы азаматтардың да мәселесі екенін атап өткіміз келеді.
Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні - ол халықаралық, ұлттық, және жергілікті деңгейде ЖИТС эпидемиясына қарсы тұруда қоғамдастықтың шешуші рөлі болғанын және болатындығын мойындау мүмкіндігі. Қоғамды осы қауіпті дерттің алдын алуға белсене қатысып, жастардың әр қадамына, әсіресе жыныстық қатынастар мен есірткіге әуестенуде жауаптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Жетісу облысының тұрғындары акциялар кезінде немесе орталыққа келіп (Талдықорған қаласы, Медеу к. №3) АИТВ жұқпасына жедел тестілеуден өтіп, 20 минуттың ішінде АИТВ статусын анықтауына болады.

Туындаған сұрақтар бойынша Жетісу облысытық АИТВ-ның алдын алу орталығына хабарласыңыз: 8 (777)9626910