Тоғызқұмалақ ойынынан облыстық көлемде турнир өтті.
“Көшбасшылық қоғамдастықтарға” тақырыбымен “Тоғызқұмалақ” ойынынан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыс көлемінде командалық турнир өтті.
Ашылу салтанаты концерттік бағдарламамен басталды. әділқазылар алқасының шешімімен 4 орын беріліп, жеңімпаздарды кубоктармен, медальдермен, облыстық білім басқармасы мен АИТВ орталығының атынан дайындалған марапаттау қағаздарымен марапатталып, АИТВ орталығының атынан бағалы сыйлықтар табысталды.