1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Көшбасшылық қоғамдастықтарға!» тақырыбында Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арасында семинар өтілді. Семинарда АИТВ дан қалай қорғану керектігі, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету жайында, сонымен қатар, байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактика жайында толықтай мағлұматтар берілді. Адам саны 60 болды.